Қазақстандық биатлоншы Универсиада да қола жүлдегер атанды

Редакция Ulyssport

Биатлоншы Арина Крюкова Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиадада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Қазақстан биатлон федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан биатлон федерациясы

Қазақстандық биатлоншы Арина Крюкова 7,5 шақырымдық спринттік жарыста қола жүлдегер атанды. Ол қашықтықты 23 минут 17 секундта бағындырды.

Бірінші тирде Арина ату өнерін мінсіз көрсетті, барлық нысанаға нөлдік ұпай жинады, бірақ тұрып ату кезінде екі рет сәтсіздікке ұшырады. Осыған қарамастан спортшы қарқынын сақтап, үздік үштікке еніп, үшінші орынды иеленді. Бұл медаль қазақстандық биатлоншылардың Универсиададағы елеулі табысының бір бөлігі болды» деп жазды федерация.

Айта кетейік, бұған дейін Туринде өткен Универсиадада қазақстандық биатлоншы Никита Акимов алтын медаль жеңіп алған еді.