Спорттан өмір бойына шеттетілген Алексей Ниге қатысты шешім күшін жойды

Редакция Ulyssport

Халықаралық тестілеу агенттігі Алексей Ниге қатысты Қазақстан Республикасының ауыр атлетика ұлттық құрамасының  Олимпиададағы допинг дауы үшін өмір бойына дисквалификациялаған шешімін өзгертті, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Google

Бұл туралы sportarena порталында федерация мәлімдеген.

Бас бапкердің дисквалификация мерзімі төрт жылға дейін қысқартылды. Мұны ауыр атлетика федерациясы растап отыр. Бұл шешімге нақты не түрткі болғаны белгісіз, бірақ 63 жастағы Алексей Нидің аппеляциялық шағым түсіріп, жеңіп шыққанынан болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Халықаралық допинг сынау агенттігі Алексей Ниді Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рагимов сынды танымал қазақстандық ауыр атлеттердің допинг дауына қатысы бар екенін анықтап,өмір бойына спорттан шеттеткен.