Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы федерация ресми мәлім етті.
"Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады" деп таныстырды федерация.
Еске сала кетейік, Н.Құрман 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті болған.