Қазақ спортшылары әйелдер арасындағы күресте алтын алды

Редакция Ulyssport

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Ниццада өтіп жатқан Франция Гран-приінде қос алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: ҰОК

ҰОК үштіктің бірінші сатысына Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова көтерілгенін мәлімдеді.

Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Екінші орынға Юлия Новичка (Польша) ие болды. Үшінші орын Луна Ротенбергерге (Германия) бұйырды.

"Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта мәреге бірінші жетті. Күміс польшалық Патрисия Куберге бұйырды. Айта кетейік, бұл дивизионда екі спортшы ғана жүлделі орындарды сарапқа салды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін UWW-дан Қазақстан әйелдер күресі құрамасы оқу-жаттығу жиынына қатысатыны айтылған.