Валиеваның дауы әлемдік антидопинг қауымдастығындағы көп мәселені әшкереледі

Редакция Ulyssport

Ресейдің допингке қарсы агенттігінің бас директоры Вероника Логинова мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның допинг дауы әлемдік антидопинг қауымдастығындағы көптеген мәселелерді әшкерелегенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол спорт24 сайтында мәлім еткен.

Google

РУСАДА-ның айтуынша, дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің К.Валиеваның ісін қалай қарағаны түсініксіз, зерттеу, тергеу де олқылықтар мен шикіліктер бар.

Өткен жылы РУСАДА WADA-ға ұсыныстар жіберді. Валиеваның ісі ұлттық деңгейдегі білім беру бағдарламалары мен алдын алу шараларының дәрежесін ғана емес, халықаралық деңгейдегі проблемаларды да әшкереледі» деген Логинова мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 29 қаңтарында Спорттық арбитраждық сот Камиланы допинг қолданғаны үшін кінәлі деп тауып, жарыстан шеттеткен. Оның мемлекеттік мұз айдындарында жаттығуына құқы жоқ. Сонымен қатар, Валиева алған медальдарының бәрінен айырылған болатын.