Италияда биатлоннан әлем кубогы басталды. Алғашқы жүлделер әйелдер арасындағы спринтте сарапқа салынды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қатысушыларға екі атыс желісімен 7,5 шақырымды бағындыру керек болды.
«Франциялық Лу Жанмонно ең жақсы нәтижені көрсетті. Селина Гротиан (Германия) екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Франциска Преусс (Германия) жапты» деп хабарлады ҰОК.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨРСЕТКЕН НӘТИЖЕ:
- Ольга Полторанина мәреге 78-ші;
- Полина Егорова 89-шы;
- Елизавета Белецкая мәре сызығына 93-ші болып жетті;
Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда ерлер арасында спринт жарысы өтеді. Астана уақыты бойынша 18.30-да басталады.