Асу Алмабаев чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізетінін айтты

Редакция Ulyssport

UFC жеңіл салмақ рейтингінің сегізінші қатарындағы Асу Алмабаев Таиландтағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Sportnews.kz мәлім етті.

Сурет: UFC

Спортшының айтуынша, ол жаттығуын Флоридада орналасқан Kill Cliff залында өткізеді.

Менің мақсатым айқын, ешқандай кедергі көріп тұрғаным жоқ. Алда UFC-дің тоғызыншы нөмірімен жекпе-жек өткіземін. Жеңіске жеткім келеді. Онан соң титулдық жекпе-жекте бағымды сынап көруге үміттімін» деді Алмабаев.

Еске сала кетейік, 1 наурызда Лас-Вегаста UFC Vegas 103 турнирінде Асу сол салмақтағы 9-шы нөмірлі австралиялық Стив Эрсегпен кездеседі.