Ресейлік бапкер Станислав Черчесов 2024 жылдың шілде айынан бастап басқарған Қазақстан құрамасымен қалай қоштасқаны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол спорт экспресс сайтында мәлім етті
Мен, қаңтар айының басында Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен сөйлесіп қайттым. Онда біз жұмыс мәселелеріне тоқталдық. Мен, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне байланысты өтетін алдағы матчтардың дайындық жоспарын тізбелеп, жұмысқа деген көзқарасымды да айта кеттім. Ал, бүгін таңертең Мәскеуде ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжановпен кездесіп, оған да осы айтылғандарды жеткіздім. Ол федерация президентімен байланысқа шықты, әйткенмен функционерлер басқа жаттықтырушы керек деп шешті. Десе де, анық-қанығын нақты білмеймін. Осыған байланысты адвокатыммен жұмыс істеудеміз, ол келісім-шарт негіздерімен ісін атқарып жатыр" деді Черчесов.
Еске сала кетейік, Черчесовтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2024 жылдың күзінде Ұлттар лигасының В дивизионында ойнап, бес жеңіліс пен бір ойында тең түскен.