Ресейлік Игорь Семшов Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол спорт экспресс сайтында мәлім етті.
Ұлттық құрамамен жұмыс істей бастағанына көп уақыт өтпесе де, мұндай әңгімелер әу бастан болды. Мүмкін көргілері келетін нәтижеге бірден қол жеткізу қиындығынан болар. Алдыңғы іріктеуде олар қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді жаңа бапкердің жетекшілігімен жаңаша команда құрылды. Нәтижесі Станислав Саламовичтің өзіне де онша ұнамады. Бірақ циклді толық аяқтап кету үшін оған жалғастыруға рұқсат беру керек еді деп ойлаймын» деді Семшов
Айта кетейік, бұған дейін Черчесов құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге дайындайтынын жеткізген болатын.