Ел құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры атанды

Редакция Ulyssport

Руслан Балтиев ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы федерация баспасөз қызметі ресми мәлім етті.

Google

"Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі жаттықтырушысы Руслан Балтиев тағайындалды" делінген мәлімдемеде.

Балтиев мансабында «Қайнар», «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Аксесс-Голден Грейн» және «Тобыл» секілді клубтарда ойнаған. Сонымен қатар, ол Ресейдің «Сокол», «Динамо», «Москва», «Шинник» және «Жемчужина» командаларында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Руслан 2022-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін де атқарған.