«Челсидің» экс ойыншысы клубтың сатылғанына Абрамовичтің ашулы екенін айтты

Редакция Ulyssport

Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович лондондық «Челсидің» сатылғанына әлі ашулы, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы команданың бұрынғы ойыншысы Джон Оби Микель мәлім етті.

Google

"Роман Абрамовичсіз бүгінгі күнде Челсиде осы жетістіктер болмас еді. Мен онымен араласатын адамдармен сөйлестім. Олар оның әлі де ренжулі екенін, клубты сатуға мәжбүр болғанына ашууының тарұамағанын жеткізді. Өйткені, клуб оның баласындай еді, оған бұл оқиға ұлынан айрылғандай әсер етті. Ол клубтың жанкүйерлердің, ойыншылардың жанашыры болды» деді Оби Микель.

Еске сала кетейік, Абрамовичтің тұсында лондондық клуб бес рет Англия чемпиондығые, кубогын және үш рет Ағылшын лигасының кубогында жеңіске жетті. Сонымен қатар екі рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын жеңіп алды.