Қазақстандық спортшы Руслан Мәдиев жартылай орта салмақтағы WBA ASIA чемпиондық белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Ulyssport.
Ертең, Таиландта қазақстандық Руслан Мәдиев жартылай орта салмақтағы WBA ASIA чемпиондық белбеуін қорғауға шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – филиппиндік Али Канега.
Айта кетейік, Руслан мансабында 18 кездесу өткізіп оның 16 жекпе-жегін жеңген. Ал, Канега өткізген 13 кездесуінің бірде біреуінде жеңіліс таппаған.