Орыстың қыздарын жеңіп кетесің, сондықтан еліңе қайт дедім – әйгілі бапкер Ирина Винер

Редакция Ulyssport

Көркем гимнастикадан үздік бапкер,ресейлік Ирина Винер қазақстандық Әлия Юсупованы қол астында алып қалмағанының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы риа спортта мәлім етті.

Google

ӘЛИЯ БӘРІН ЖЕҢІП КЕТЕР ЕДІ

"Менің қол астымда Қазақстаннан келген Әлия Юсупова жаттықты. Ол Олимпиадада төртінші алды. Әрі қарай жұмыс істеуіміз жалғаса берсе, Әлияның бәрін шетінен жеңіп кететінін түсіндім.

ЖАРҚЫНЫМ, СЕНІ ЖАТТЫҚТЫРА АЛМАЙМЫН

Сол себепті оған ашық айттым. "Жарқыным, егер сені жаттықтыра берер болсам, сен барлық орыс қызын жеңіп кетесің. Сондықтан өз бапкеріңді шақыртқаның жөн" дедім. Ол да түсінді. Қазір ол мені жақсы көреді. Әлі араласып тұрамыз" деп жеткізді Винер.

Айта кетейік, Әлия Юсупова 2004 жылғы Афины Олимпиадасында төртінші, ал 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында үздік бестік қатардан көрінді.