Пауло Кака: «Бұл ең ауыр жеңіліс»

Редакция Ulyssport

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен Данияға (2:3) қарсы ойынға өз бағасын берді, деп хабарлайды Ulyssport.

Google

ЖЕҢІС ОРНЫНА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫҚ

"Бұл матч біз үшін күтпеген нәтижемен аяқталды. Шынымды айтсам, бұл менің Қазақстан құрамасында жұмыс істеген алты жылдық мансабымдағы ең ауыр тиген жеңілістердің бірі. Біздің құрама әрдайым жеңіс үшін ойнайды, бірақ дәл бүгін жеңіс орнына жеңіліс таптық" деді Кака.

БАР ЖАУАПКЕРШІЛІК БАПКЕРМЕН ҚАТАР ОЙЫНШЫДА

Сонымен қатар, Кака кей футболшылардың ойын деңгейін көтеру қажеттігін атап өтті

"Нәтиже үшін жауапкершілік әрдайым бапкерде екенін жақсы түсінемін. Бірақ бапкер алаңға шыға алмайтын, гол соғылуы керек шешуші сәттер бар.Бұл – ойыншылардың міндеті. Сол себепті олар да өз жауапкершілігін түсінуі керек. Барлық ойын сәттерін бірге қарап, міндетті түрде талдау жасаймыз" деді бапкер.

Айта кетейік, бас бапкер бұл матчта құрама сапында жас футболшылардың болғанын ескеру керектігін де тілге тиек етті.