Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаңа жұмыс орнына қояр талап, қалауы туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы ол sport5.by сұхбатында мәлім етті.
ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛУДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРІ БАР
"Қызметтен қуылу әртүрлі болады. Мәселен, «Спартак» мені Тиролдан, «Динамо» Амкардан сатып алды, Легиямен келісім мерзімінен бұрын аяқталды. Олардан солай кеттім. Ал, Венгрия,Ресей мен Қазақстан құрамаларының өз тарихы бар. Жалпы, егер жаттықтырушы мансап жолында кем дегенде бір рет жұмыстан қуылмаса, ол әлі мықты бапкер емес деген сөз" деді Черчесов.
СЕН НАҒЫЗ БАПКЕРСІҢ ДЕЙМІН
Менің жас әріптестерімнің бірі жұмыстан кеткенде, мен: «Енді сен нағыз жаттықтырушысы боласың» деп құттықтаймын. Кейде мұндай шешімдер сізді дамытады, өйткені іштен ыза тудырып нәтижеге бастайды.
Алдағы уақытта бапкерлік жолды Ресей не шетелдік қай мемлекетте жалғастыруды көздейсіз деген сұрауға Черчесов орыс тіліне қарай жұмыс істейтінін айтып қалды.
"Өз елімде немесе орыс тілінде сөйлейтін жерде жұмыс істегім келер еді» деді Станислав Саламович.
Еске сала кетейік, Черчесов 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылған.