Футболда да Өзбекстаннан бірнеше жылға артта қалдық– Юсуп Шадиев

Ділназ Бишер

Ардагер футболшы Юсуп Шадиев қазіргі қазақ футболы көрші елдердің біразынан арта қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол Sports.kz-ке берген сұхбатында мәлім етті.

Google

КЕЛІМСЕКТЕР ФУТБОЛҒА ДАМЫС ӘКЕЛМЕЙДІ 

"Балалар мен жасөспірімдер футболына көбірек көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте база, футбол орталығы тіктеу қажет. Қазақстанда бір-екі маусым ғана ойнап кетіп қалатын келімсектерге қаржы молынан жұмсалады, бірақ футбол не дамыс бермейді бір орында тұрғаны тұрған" деді сарапшы.

БАЛАЛАРҒА КӨҢІЛ БӨЛГЕНДІКТЕН ДАМЫП КЕТТІ

Сарапшы, сонымен қатар көрші елдердің балаларға көңіл бөлгендіктен дамып кеткенін алға тартты.

Қазір бізді бұл тұрғыда Ресей мен Украина ғана емес, көрші Өзбекстанның өзі басып озды. Олар белсенді түрде инфрақұрылым жүргізіп, жаңа базалар салып, балаларға жіті көңіл бөлуде. Мұның бәрі аз уақыт ішінде өз нәтижесін беріп жатыр. Ал, біз олардан бірнеше жылға артта қалдық» деді ардагер футболшы.

Айта кетейік, ұлттық құрама 2024 жылы бірде-бір матчта жеңіске жетпеді. Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, бәрінде гол соқпады.