Нұралы Әліп жарақатынан кейін мәлімдеме жасады

Ділназ Бишер

Қазақстандық қорғаныс сапындағы футболшы Нұралы Әліп жарақатынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы "Зениттің" баспасөз қызметі ресми мәлім етті.

ФК Зенит

КӨП ДҮНИЕНІ ЖІБЕРІП АЛДЫМ

"Жарақаттан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынында топпен мүлдем жаттыға алмадым. Өте ауыр тиді. Өз бетіммен, жеке жұмыс жасай бердім. Екінші оқу-жаттығу жиынынан бастап мен жалпы лагерге қосылдым, сонда да әлі қиын. Көп дүниені жіберіп алғанымды ескерсек, ақырындап қалпыма келермін" деді Әліп.

ЦСКА-мен өткізетін матчқа қатысты оның дайындық кезеңі екенін атап өтті.

Бұл дайындық матчы. Әрине, әрқашан жеңіске жетуді қалаймыз,бірақ қазір ең басты мақсұт- чемпионаттың жалғасына бар күшті салып дайындалу.

Айта кетейік , бұған дейін Әліп 1 желтоқсанда РПЛ-ның 17-ші турындағы «Крылья Советовқа» қарсы ойында ауыр жарақат алған.