Беларусь жеңіл атлетика федерациясының төрағасы Иван Тихон: "Жарысқа баруға рұқсат берілген жоқ, шешімді күтеміз"

Ділназ Бишер

Беларусия жеңіл атлеттер федерациясының басшысы Халықаралық Олимпиада Комитетіндегі сайлаудың беларусиялық спортшылардың тағдырына тікелей әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол Арена арнасында мәлім етті.

Google

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ДӘРЕЖЕМІЗДІ ҰСТАП ТҰРМЫЗ

Тихон жарыстан шеттелуден дәрежелері түсіп кетпегенін, қандай жағдай болса да беларусиялық құраманың өз деңгейлерін ұстап тұратынын жеткізді.

"Жеңіл атлетика – ең маңызды спорт түрі. Біз әлемдік аренаға шықпасақта нәтижелерді салыстырып  отырмыз.Біздежарыстарды өткізуге арналған жабдықтар мен секторлардың бәрі бар, сондықтан әлемдік деңгейдегі қалпымызды ұстап тұру оңайырақ."деді жеңіл атлетика төрағасы.

Сонымен қатар, Иван Тихон ХОК төрағалығына келетін тұлғаның Беларусия құрамасының спорттағы тағдырына қатысты шешімге тікелей әсер ететінін айтып қалды.

"Жарысқа жіберу туралы ақпарат жоқ, бірақ наурыздағы шешімді күтеміз. Біздің талап мәселеміз бойынша жиналыс өтеді. Оның үстіне, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысын тағайындау наурыз айында болады.Үміткерлердің бірі – Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қазіргі төрағасы Себастьян Коэ. Сайлау шешімі біздің мәселеге тікелей әсер етеді" деген Иван Арена арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, беларусиялық және ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарға қатысуға әлі де  рұқсат берілген жоқ.