Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду өзін тарихтағы ең үздік футболшы атады, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол La Sexta сұхбатында мәлім етті.
Сұхбат барысында Криштиану Роналду өзін футбол тарихындағы ең үздік ойыншы санайтынын айтты.
«Мен футбол тарихындағы ең үздік бомбардирмін. Тарихтағы ең үздік футболшымын деп ойлаймын, себебі әлі күнге дейін менен артық өнер көрсеткен ешкімді кездестірмедім" деді Роналду.
Португалиялық өзін футбол тарихындағы ең мінсіз, бар талантты бір бойына жиған ойыншы деп санайды.
«Көп адамдар Месси немесе Марадонаны ұнатады, бірақ футболшылар ішіндегі ең мінсізі менмін», - деді Криштиану.
Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду YouTube арнасын ашып, бірнеше сағаттың ішінде миллиондаған аудитория жинады.