Майкл Джорданның ұлы кокаин есірткісімен ұсталды

Ділназ Бишер

Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы Майкл Джорданның ұлы Маркус көлікті мас күйінде жүргізіп, кокаинмен ұсталып қамауға алынды, деп хабарлайды Ulyssport.

Google

Майкл Джорданның өзіне де қамауға қарсылық көрсетті деген айып тағылып отыр. Қазір ол Оңтүстік Калифорниядағы Оранж округінің түрмесіне қамалған. 

Маркус Джордан 34 жаста. Ол колледж деңгейінде баскетбол ойнады. 2022 жылдан 2024 жылға дейін әкесінің командасындағы Скотти Пиппеннің бұрынғы әйелі Ларса Пиппенмен кездескен.

Айта кетейік, Джордан 2003 жылы зейнеткерлікке шықты және алты НБА чемпиондық титулына қоса, АҚШ құрамасының құрамында екі Олимпиада ойындарында (1984, 1992) жеңіске жеткен.