Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Ділназ Бишер

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы кезекті Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport. 

Ұлысмедиа коллажы

26-27 ақпан күндері Үндістанда қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем біріншілігі өтеді.

"Бұл жолғы дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам мемлекетінің 200-ге жуық балуаны қатысады" делінген спорт министрлігі мәлімдемесінде.

Спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Айта кетейік, жарыстың өтуіне Qazaq Kuresi Ассоциациясы мұрындық болып отыр.