Ресей хоккей федерациясының президенті В.Третьяк Ресей мен Беларусь құрамаларын 2026 жылғы әлем чемпионатынан шеттету туралы шешімге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.
БҰЛ ӨТЕ ҰЯТ НӘРСЕ!
"Мен 17 жасымда әлем чемпионы атандым, ал 19 жасымда олимпиада жеңімпазы болдым. Мынадай шеттетумен біздің жігіттерді жалындап тұрған шағында бар мүмкіндігінен айырып жатыр. Бұл өте ұятты нәрсе" деді хоккей федерациясының президенті.
ХОККЕЙШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАУДА
"Ресейде талантты жаңа буыны өсіп келеді, олар жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде өнер көрсетіп, ересектер құрамасына кіріп, бәрінен жұлып тұрып жүлде ала алады. Бірақ оларға басқа елдердің қарсыластарымен бәсекелесуге тыйым салып, әр спортшы үшін өмірдей болған арманнан айырып, хоккейшілердің адами құқықтарын бұзуда. Біз өз ұстанымымызды қорғаймыз. Жастарымыздың, ресейлік спортымыздың мүддесін қорғауды тоқтатпаймыз" деді Третьяк.
Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық хоккей федерациясы Ресей және Беларусь құрамаларының ойынын уақытша тоқтатқан.