Мен оны қолдадым - Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Черчесов туралы

Ділназ Бишер

Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Әли Әлиев баспасөз мәслихаты барысында жалақысы жөнінде және Станислав Черчесовтің жұмысы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulyssport.

ҚФФ

Әлиев тағайындау алдында "мынадай ақы төлеңдер" деп жалақыны талқыға салмағанын жеткізді.

"Маған еліміздің атынан қызмет ету құрметі бұйырды, ондайда қаржы жағын елемейсің. Олар қандай ақы береді , соны аламын" деді ол.

Сонымен қатар, Әлиев Черчесов алған жалақы көлемінен бейхабар екенін айтты.

«Мен оны әріптес ретінде әрқашан қолдадым, оның стилін, әдістемесін және ұжымға енгізген тәртібін мақұлдадым» деп жеткізді Әлиев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Станислав Черчесовтің бас бапкерлік қызметтен қуылғаны хабарланған.