Қазақ жауынгері Асу Алабаев UFC турнирінде басты жекпе-жегіне шығатын Қазақстанның алғашқы спортшысы ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Ulyssport.
"Шредингер спорты" телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Kill Cliff америкаkық клубының жаттықтырушысы Саид Сапаров Алмабаевтың UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысатынын растаған.
2 наурызда ол португалдық Манила Капеге қарсы октагонға шығады. Португал спортшысы жарақат салдарынан бас тартқан ең жеңіл дивизионның жетекшісі Брендон Ровалдың орнына айқасады.
Алмабаевқа дейін бірде-бір қазақстандық жауынгер UFC турнирінің бас жекпе-жегіне шыққан жоқ.
2023 жылдың желтоқсанында бұл мүмкіндік Шавкат Рахмоновта болған, бірақ Белал Мұхаммед ол кезде жарақатына сілтеп шығудан бас тартқан.