Дональд Трамп жынысын ауыстырған еркектердің қыздар жарысына қатысуына тыйым салды

Ділназ Бишер

Америка президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарысқа қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды Ulyssport.

Google

Соңғы жылдары спорт федерациялардың көбі ерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына оң көзқарас танытты. Бұл әділетсіздік, спортты қорлау. Мына нәрсе әйелдер мен қыздардың болмыстарына тән білек күшімен бәсекеге түсуіне кедергі келтіріп олардың денсаулығына қауіп төндіруде" деді Трамп бұйрықта.

Нәтижесінде енді Америка трансгендер спортшыларға виза бермейді.

Айта кетейік, сонымен қатар Дональд Трамп Халықаралық Олимпиада комитетінде 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасына трансгендерлік спортшыларды жіберуге тыйым салуға мәжбүр етпек.