Ски-альпинизм: Қазақстан құрамасы алғаш рет жаңа спорт түрінен өнер көрсетті

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Азия ойындары – 2025 аясында ски-альпинизмнен спринт жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Әсем Назырова, Денис Власов және Нияз Жанзақов жартылай финалға дейін жетті. Алайда шешуші жарыстарға жолдама ала алмады.

Назырова сайысты сегізінші орынмен аяқтады, Жанзақов тоғызыншы, ал Власов оныншы нәтиже көрсетті.

Шыңғыс Байқашев Азия ойындарын 19-орынмен, ал Тимур Артюхин 21-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ски-альпинизм жарыстары Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар бұл спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада ойындарына да кірді.