Париж Олимпиадасы: Александр Бублик алғашқы айналымнан аса алмады

Ерик Ильясов

Александр Бублик жекелей сында Париж Олимпиадасының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, АҚШ спортшысы Тейлор Фрицке қарсы ойнады.

Осыған дейін қарсыластар өзара бес рет кездесіп, үшеуінде қазақстандық спортшы жеңген екен.
Бұл жолы бірінші сетте Фриц сәтті ойнады – 6:4. Ол екінші сетте де мүмкіндік бермеді – 6:4.

Енді Париж Олимпиадасында Александр Бублик жұптық сында Александр Недовесовпен бірге ойнайды.