Азия ойындары: фристайл-акробатикадан қоржынға күміс алқа түсті

Ділназ Бишер

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында 2-орын алды, деп хабарлайды Ulyssport. 

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Құрама сапындағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова 235.39 балл жинап, екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, үздік үштіктің түйінін Жапония акробаттары қойды.