Түркия чемпионатының 23-ші турында «Галатасарай» мен «Адана Демирспор» арасындағы кездесу төрешілер дауымен аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?
Кездесудің 12-минутында төреші Галатасарайдың пайдасына пенальти белгіледі. Испаниялық шабуылшы Альваро Мората мүмкіндікті сенімді пайдаланды, бірақ бұл шешім Адана Демирспор ойыншыларының наразылығын тудырды. Олар ұзақ уақыт төрешінің үкіміне таласып, кейін матчты жалғастырудан бас тартып, алаңды тастап кеткен.
ПЕНАЛЬТИ ӘДІЛ ЕМЕС
Галатасарайдың реакциясы сабырлы болды, ал Адана Демирспор өкілдері пенальтидің заңсыз екенін алға тартты. Төрешілер мен ұйымдастырушылар мәселені шиеленістірмей шешуге тырысқан, алайда қарсылық танытқан тарап айтқанынан қайтпаған.
ҚАРСЫЛАС ҚАТАРЫНДА ҚАЗАҚ БАР
Айта кетейік, «Адананың Демирспорының» негізгі құрамында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов бар.