"Манчестер Сити" Кевин Де Брюйнені 100 миллион еуроға алмастырмақ

Ділназ Бишер

"Манчестер Сити"  РБ Лейпцигтің жартылай қорғаушысы Хави Саймонсқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы El Nacional мәлім етті.

Сурет: Google

«Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиолан бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйнені басқа біреумен алмастыруды көздеуде. Қарсы тарап футболшыны 100 миллион еуро көлеміндегі қаржыға сатуға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Саймонс қаңтарда Лейпцигке ПСЖдан 80 миллион еуроға ауысқан болатын. Биылғы маусымда футболшы барлық турнирлерде 18 матч өткізіп, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.