Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.
Харбинде (Қытай) өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ірі есеппен жеңді – 24:0.
Осылайша, ұлттық құрама Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңнің матчтары 13 ақпанда өтеді.