Қытай қазағы Азия ойындарында алтын алды

Ділназ Бишер

Қысқы Азия ойындарында Қытай құрамасының атынан шыққан қазақ спортшы алтын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Google

ОЛ КІМ

Ақнар Ардаққызы Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ. Конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай командасының құрамында қатысып, қарсыластарынанан алтынды жұлып алды.

 

Айта кетелік, Ақнар Ардаққызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Ол бұған дейін де Қытай атынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысқан.