Головкин биатлоншы Киреевтің Азия ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді

Ділназ Бишер

ҰОК басшысы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Харбиндегі Азия ойындарындағы үшінші алтынымен құттықтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: ҰОК

Владислав Киреев биатлон спринттен алтын жүлдені жеңіп алды. 

"Барлық қазақстандықтарды және Владиславтың өзін Аия ойындарының чемпионы атануымен құттықтаймын! Елімізде биатлонның бай тарихы мен берік дәстүрлері бар, бұл жеңіс осы спорт түріне енді ғана қадам басқандар үшін шабыт болатынына сенімдімін. Спортшыларымыздың кез келген шыңды бағындыруға қабілетті екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік! Сізге және сіздің жаттықтырушыларыңызға қажырлы еңбегіңіз бен жеңіске деген мызғымас жігеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздің спорттық жолыңыз жаңа жетістіктерге, жарқын сәттерге және ұмытылмас жеңістерге тола болсын» деді Головкин. 

Айта кетелік, бұған дейін еліміздің Азия ойындарында биатлоннан алтын және күміс алғаны хабарланған.