Дзюдодан әйелдер арасындағы көшбасшымыз Абиба Әбужақынова 3-орын үшін белдесуде есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Абужақынова Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін бедесуде Тара Бабулфаттан (Швеция) ұтылып қалды.
Айта кетейік, бұл Абибаның алғашқы Олимпиадасы. Ол бүгін іріктеуде Абиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған. Ал жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізді.