Керлингтен әйелдер құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Редакция Ulyssport

Қазақстанның әйелдер командасы  Харбиндегі Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,   қазақстандық керлингшілер Қатар құрамасын сенімді түрде жеңген. Ойын 11:2 есебімен Қазақстан құраманың пайдасына шешілді.

Бүгін, 11 ақпанда, ерлер командасы да өз матчін өткізді. Алайда Оңтүстік Кореяны жеңе алмады. Қарсыластар 12:2 есебімен басым түсті.

Еске салайық 10 ақпанда Қазақстанның әйелдер құрамасы керлингтен Тайбэй құрамасын жеңген еді.