Қазақстандық спортшылар IX қысқы Азия ойындарының кезекті жарыс күнін үш алтын, алты күміс және төрт қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.
Фристайл-акробатика
Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде Азия ойындарының чемпионы атанды. Жеңіс тұғырынан Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов көрінді.
Әйелдер арасындағы жарыста Аяна Жолдас пен Ардана Маханова қола медаль иеленді.
Биатлон
10 шақырымдық спринтте қазақстандық Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Ал күміс жүлде тағы бір отандасымыз Вадим Куралеске бұйырды.
Қалған қазақстандық биатлоншылар арасынан Асет Дүйсенов – 6-шы, Александр Мухин – 7-ші болып мәреге жетті.
Әйелдер арасындағы жарыста:
Конькимен жүгіру спорты
1000 метрге жүгіруде ерлер арасында қазақстандықтар келесі орындарға ие болды:
Әйелдер арасында:
Қазақстандық спортшылар жарысты жалғастырып, жүлделер санын арттыруды көздеп отыр.