Қазақстан хоккейшілері Қытайды жеңіп Азиада финалына шықты

Редакция Ulyssport

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда Қытай құрамасын жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Сали Сабиров

Есеп 3:1 болып аяқталды. Қазақстандықтар екінші кезеңнің соңында екі шайба салды. Матч аяқталғанға дейін бір минут қалғанда қарсылас бір шайба салып үлгерген, бірақ қалған секундтарда қытайлық қақпашы үшінші голды жіберіп алды.

Финалда Қазақстан Оңтүстік Корея — Жапония жұптарының жеңімпазымен ойнайды.

Ширек финал қарсаңында біздің команда Гонконгты жеңіп, топтық кезеңде Қытайды (6-1), Жапонияны, Тайваньды және Оңтүстік Кореяны сенімді түрде ұтқан.