Азия ойындарында фристайл-акробатикадағы ерлер арасындағы синхронды секіруде алтын жеңіп алған Роман Иванов Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Астана әуежайында оны туған-туыстары, бапкерлері мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен, қошеметпен қарсы алды.
Жеңісті бірге бөліскен командаласы Шерзод Хаширбаев алдағы күндері Алматыға ұшып келеді.
Айта кетейік, 11 ақпанда Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын.
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.