Азия ойындары: хоккейден әйелдер құрамасы жеңіске бір табан жақындады

Дастан Кенжалин

Хоккейден әйелдер құрамасы Қытайды жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жарыс қожайынын ұтты. 

Қазақстан - Қытай, есеп: 2-1.

Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын торда тулатты.

Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.