Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жартылай финалдағы ойынын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport порталы туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Біздің спортшылар әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2018 жылғы Олимпиаданың финалисі Оңтүстік Кореяға жол берді. Есеп: 2-10.
Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте).
Енді ертең Қазақстан қола жүлде үшін Жапония немесе Қытай ойыншыларымен шеберлік байқасады.