Күні кеше Харбинде аяқталған Азия ойындарына елімізден 10 спорт түрінен 137 спортшы (72 ер, 65 әйел) қатысып, оның 85-і жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ҚАНША МЕДАЛЬ?
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қоламен жалпы есепте төртінші орын алды. Оның ішінде 85 (43 ер және 42 әйел) спортшымыз жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, тау шаңғысы, кёрлинг, ски-альпинизм спортынан бірде-бір жұлде бұйырмады.
Барлығы 12 спортшы бірнеше медальдің иегері атанды:
Владислав Киреев (биатлон)
Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика)
Әділ Ғалиахметов (шорт-трек)
Денис Никиша (шорт-трек)
Абзал Әжіғалиев (шорт-трек)
Алина Ажғалиева (шорт-трек)
Яна Хан (шорт-трек)
Ольга Тихонова (шорт-трек)
Малика Ермек (шорт-трек)
Аяна Жолдас (фристайл-акробатика)
Константин Борцов (биатлон)
Олжас Климин (биатлон)
ҚАЙ ОБЛЫС КӨШ БАСТАДЫ?
1 Астана қ. - 17 алтын, 12 күміс, 2 қола
2 Ақмола обл. - 1 алтын, 11 күміс, 4 қола
3 Қарағанды обл. - 1 алтын, 3 күміс
4 Шымкент қ. - 1 алтын, 2 күміс, 4 қола
5 Қостанай обл. - 1 алтын, 2 қола
6 Павлодар обл. - 1 алтын, 1 қола
7 Алматы қ. - 11 күміс, 1 қола
8 ШҚО - 10 күміс, 2 қола
9 Абай обл. - 2 күміс
10 БҚО - 2 күміс
11 Алматы обл. - 1 күміс
12 СҚО - 1 қола
13 Маңғыстау обл. – медаль жоқ
14 Жетісу обл. - медаль жоқ