Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының соңғы ойыны жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.
"Бейбарыс" пен "Арлан" (0:4) арасындағы матч барысында бір рет ғана төбелес болған. Бірақ төреші ысқырығы естілгеннен кейін қос команданың хоккейшілер ғана емес, тіпті жаттықтырушылар мен клуб қызметкерлері де бір-біріне наразылық білдірді. Мұның соңы жаппай төбелеске ұласты.
Мұз айдындағы және трибунадағы төбелестің видеосы инстаграмдағы «Головой об лед» арнасында шықты. Видеода әділетсіз шешіммен келіспеген клуб қызметкерлерінің бірі ойыншыларды сабырға шақырудың орнына олармен бірге төбелеске кіріскені көрінеді.
Қызметкерлердің бірі (қай клубтың екені әзірге белгісіз) ойыншыларды тыныштандырудың орнына, құлап жатқан хоккейшіні ұрады. Бұл дұрыс емес, біз бұл әрекетті қате деп есептейміз,- деп жазады арна.