IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде қола медаль алған Ардана Маханова жарақат алғанына қарамастан жарысқа қатысқан, деп хабарлайды Ulyssport.
Ардана Азия ойындарының бірінші күнінде қолын сындырып алған. Ал үшінші күні жарысқа шыққан.
- Жарысқа осы жарақатыма қарамастан қатысып, үшінші орын иелендім, дейді Ардана “Отырар” тілшілеріне берген сұхбатында.
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Қазақстан құрамасы қола медаль алған болатын.
Команда сапында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас сынға түсті.