Үстел теннисі: Кирилл Герасименко 1/16 финалға шықты

Редакция Ulyssport

Үстел теннисінен 3-ші мәрте Олимпиада ойындарына қатысып жатқан ерлер арасындағы көшбасшымыз Кирилл Герасименко алғашқы қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz
 

Отандасымыз 1/32 финалда Чили өкілі Николас Бугросты 4:0 (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) есебімен жеңді. Енді келесі айналымда Тиаго Аполониа (Португалия) немесе Германияда дүниеге келген, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данг Кюмен ойнауы мүмкін.

Үстел теннисі бәсекесі 4 тамызға дейін жалғасады.