×

Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Ulyssport порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

18.02.2025, 12:52
Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті
ҰОК

Жарыстың алғашқы кезеңінде Шевченко әлемдік рейтингте 149-орында тұрған бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Турнирдің ширек финалына шығу үшін ол Александр Зверев (Германия) – Бу Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Новости партнеров