Қытайдың Шэньчжэнь қаласында үстел теннисінен Азия кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта турнир қатысушылары 1/8 финалға берілетін екі жолдама үшін топтық кезеңде бақ сынауда.
Кубоктың кезекті күнінде Кирилл Герасименко Тайбэй спортшысы Као Чэн-Юиді 3:2 есебімен жеңгенімен, кейін Үндістандық Хармит Десаиге 2:3 есебімен жол берді. Енді Шэньчжэньдегі жарысты жалғастыру үшін ол әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, кореялық Ан Джэхёнді жеңуі қажет.
Зәуреш Ақашева мен Сарвиноз Миркадирова әзірге жеңіске жеткен жоқ. Олардың нәтижелері төменде көрсетілген:
Зәуреш Ақашева – Син Ю-бин (Корея) 1:3, Чжу Чэнчжу (Гонконг) 1:3.
Сарвиноз Миркадирова – Ито Мима (Жапония) 0:3, Цзэн Цзянь (Сингапур) 0:3.