Могулшы Анастасия Городко Қытайдағы Әлем кубогында үздік ондыққа кірді

Дастан Кенжалин

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Қытайдың Бэйдайхэ қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды.

Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.

Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.