Өз елінде «сатқын» атанғандар – Олимпиадаға Ресейден 15 спортшы қатысады

Редакция Ulyssport

Олимпиадаға қатысуға келіскен Ресейдің барлық спортшысы бейтарап статуста өнер көрсетеді. Сонымен бірге, Олимпиада ойындарына Беларусьтан 16 спортшы қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

dw.com

Парижде жазғы Олимпиада ойындарына Ресейден тек 15 спортшы қатысады. Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сайтындағы тізімде олардың есімі жарияланған. Олар бейтарап мәртебеде сайысқа түседі.

Олар кімдер

ХОК-тың баспасөз қызметі бұған дейін 16 шілдеде ресейлік спортшылардың есімін жариялау ниеті барын айтқан болатын. Аталған спортшылардың қатарында Тамара Дронова, Алена Иванченко, Глеб Сырица (велоспорт), Анжела Бладцева (батут), Даниил Медведев, Роман Сафиуллин, Екатерина Александрова, Мирра Андреева, Павел Котов, Диана Шнайдер, Елена Веснина (теннис), Алексей Коровашков, Захар Петров, Олеся Ромасенко (ескек есу байдарка және каноэ) және Евгений Сомов (жүзу) бар.

Ресейде кейбіреулер Олимпиада қатысатын спортшыларды "сатқын" деп атады. Ал көркем гимнастика федерациясының басшысы Ирина Винер ол спортшыларды тіпті "бомждардың командасы" деп атаған.

Беларусьтен кім барады

Париж Олимпиадасына Беларусьтен 16 спортшы қатысады. Олар: Абубакар Хаслаханов (грек‑рим күресі), Анна Терех (велоспорт), Евгений Золотой, Татьяна Климович (академиялық есу), Владислав Кравец, Юлия Трушкина (байдарка мен каноэде есу), Илья Шиманович, Анастасия Шкурдай, Алина Змушко (жүзу), Виолетта Бордиловская, Иван Литвинович (батутта секіру), Дарья Чуприс, Александра Петрова (оқ ату), Георгий Гурциев (таэквондо), Сюзанна Володько, Евгений Тихонцов (ауыр атлетика).