Қазақстан велотрекшілері рекорд жаңартты

Дастан Кенжалин

Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының велотрекшілері қола медаль иеленді, деп хабарлайды Ulyssport .

ҚР Туризм және спорт министрлігі

Командалық із кесу сайысында ел намысын Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков қатарлы спортшылар қорғады. Команданың нәтижесі - 3:59.215. Бұл Қазақстан рекорды.

Азия чемпионатының алтын медалін Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алса, Жапония құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.