Қазақстан Суперкубогінің финалында Алматының «Қайраты» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, үш дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жуықта ғана жаңғыртудан өткен «Астана арена» стадионында ел чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан кубогінің иегері «Ақтөбе» футболшылары кездесіп, Суперкубокті сарапқа салды.
Тартысты өткен матч 2:0 есебімен алматылық ұжымның айқын жеңісімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы гол екінші таймда соғылды. Есепті ашқан – «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Элдер Сантана. Гол пасын берген – беларусь жартылай қорғаушысы Валерий Громыко.
Кездесудің 87-ші минутында Громыко есепті еселеп, мачтың нүктесін қойды.
Сөйтіп «Қайрат» футбол клубы өз тарихында үшінші мәрте Суперкубок иегері атанды.